Қайта осындай әйел тапқаныма бақыттымын: Кемпірге үйленді деп желіде шу болған күйеужігіт шындығын айтты
Әлеуметтік желіде 35 пен жастығы жігіт пен 65 жастағы әйел шаңырақ көтерді деген бейнекадр таралып, қаңқу сөз желдей есті. Тіпті олардың атыраулық екені айтылды.
Қазақстан-Атырау тілшілері осы ақпараттың анық-қанығын білу үшін біраз ізденген еді. Тапты. 1983 жылы туылған шаңырақ иелері Исатай ауылының Аққыстау ауылында тұрады екен.
Қанат Атырау тумасы, Ал Гөззал Қарақалпақстаннан келген. Екеуі де біраз тұрмыс тауқыметін тартқан. Қанат әкеден ерте айырылып, ана мейірімін көрмей өсіпті. Гөззалмен желі арқылы танысқан.
“Мен Қанатпен желіде таныстым. 8 ай бойы сөйлестік. Өзім отбасылық құлдықта болғандықтан, онан құтылудың амалын іздедім. Ақыры Атырауға келем деп шештім. Мен жақында ғана 34 жасқа толдым. Сондықтан жалған ақпарат таратқандар алдында құқығымды қорғағым келеді “, – дейді жары.
Қанат Дүйсенов пен Гөззал Қошмұратова жалған ақпаратты естігенде екі күн қан қысымы көтеріліп, өзін нашар сезінгендерін айтады.
“Тек келін түсіріп, орамал тағады деп ойладық. Видеоға кімнің түсіріп, оны кімнің таратқанын да білмеймін. Ақпаратты естігенде не дерімізді білмей қалдық. Әйелім кемпір емес. Менімен құрдас. Екеуміз де 1983 жылы туғанбыз. Осындай әйел тапқаным үшін бақыттымын”, – дейді Қанат.
Келін түсірген Қанаттың көршілері де бұл ақпараттың қалай тарап кеткенін білмейді. Келін түсіру салты елге тарап кететінін білмеген олар елге наразы екенін жеткізді.
Тағы да оқыңыз:
Күйеужігіт төсек-орнына көңілі толмағандықтан той алдында қалыңдығын тастап кетті
Дәрігерлер зәр орнына шай өткізілгенін білмей нәтижесін жазып берген