"Қайта қоңырау шалдыру арқылы алдайды": Бас прокуратура жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті
Фото: Depositphotos.com
Алаяқтар азаматтарды өздері қоңырау шалуға итермелейтін жаңа тәсіл пайда болды. Бас прокуратура мұндай схема соңғы уақытта жаппай таралып жатқанын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратура алаяқтар жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберіп, азаматтарды өздеріне қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейтін жаңа схема пайда болғанын мәлімдеді.
Жаңа алаяқтық туралы бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы хабарлады.
"Шетелдік деректерге сенсек, алаяқтар "авторизациядағы қате", "домофонды ауыстыру", "есептегіштерді тексеру" деген сылтаумен жаппай хаттар мен SMS-хабарламалар жолдап, адамдарды өздеріне қайта хабарласуға итермелейді. Осылайша, азаматтар өздері-ақ әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануға мүмкіндік береді", – делінген мәлімдемеде.
Бас прокуратура мынадай сақтық шараларын ұсынады:
• Беймәлім хабарламалар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
• Ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген нөмірлерге ғана қайта қоңырау шалу;
• Екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
• Банк карталарының деректері мен SMS-кодтарды, сондай-ақ кез келген құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
"Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар", – деп ескертеді прокуратура.
Лайк басып, табыс таппақ болған: Ақтөбеде әйел 1,3 миллион теңгесінен айырылып қалды
Қазақстанда алғаш рет дропперлік әрекет үшін қылмыстық іс қозғалды
Еске салайық, бұған дейін телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі белең алғанын жазған едік. Қаскөйлер жәбірленушілерді "тыныш жерге бар" деп, дауыс арқылы гипноздап, банктік кодтарды немесе несие рәсімдеуді сұрайды. Соның салдарынан азаматтар миллиондап шығынға батуда. Мамандар гипноздың қашықтан дауыс арқылы да жасалатынын растаған. Үкімет бұған жауап ретінде несиені бірден рәсімдеуге тыйым салатын "бір күн ойлану" мерзімін енгізіп, SIM-карталарды жаппай алмастырудың жолын кесетін жаңа шектеулерді іске қосты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік