Қайсар Бекенов "Астана" клубының бас директоры болып тағайындалды
"Астана" футбол клубының бас директоры қызметіне Қайсар Бекенов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа басшыны директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Гурман таныстырды. Бұған дейін астаналық клубтың директоры қызметінде Ғазинұр Әлімов болған еді. Ғазинұр басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз орнын босатты.
Айта кетейік, Қайсар Рауфұлы 2013-2019 жылдары “Астана” клубының басшылық құрамында жұмыс істейді.
"Астана" Қазақстан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан отандық тұңғыш команда болды. Сондай-ақ елордалық клуб Еуропа лигасының топтық кезеңінен плей-оффқа өткен алғашқы ұжым болған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

