"Қайраттың" тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы футболшы матч кезінде көз жұмды

“Хан Тәңірі” футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас футболшының өлімі туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
“Қазақстан футбол федерациясы “Хан-Тәңірі” клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз қаза болғаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдады. Жастығына қарамастан, Диас футболға деген құштарлығы мен ерекше талантымен көзге түсіп үлгерген еді”, – делінген ҚФФ мәлімдемесінде.
Футболшы “Хан Тәңірі” – “Екібастұз” клубтары арасындағы ойын кезінде есінен танып, көз жұмды. Қайғылы жағдай Бірінші лиганың кезекті турында болған.
Айта кетейік, Диас Төлеу Алматының “Қайрат” клубының тәрбиленушісі болып, осы маусымда “Хан Тәңірі” клубының сапында өнер көрсеткен. Ол команда атынан 25 матчқа шығып, үш гол соққан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"