Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйға берілді

 Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйға берілді

Видеодан скрин

Кәсіпкер "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Чемпиондар лигасындағы ойыны үшін кәсіпкерҰлықбек Шәріпов 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға lexus маркалы автокөлігінің кілтін табыстады.

Спортшы қуанышын жасыра алмай, алғысын білдірді. 

Мұны көрген желі қолданушылары, кәсіпкерге алғыс айтып, Шерханға жылы лебіздерін жаудырған.

“Бүкіл ел болып сені қолдаймыз”, “Міне нағыз жігіт”, “Көз жасымды ұстай алмай қалдым”, “Әбден лайық, мақтан тұтамыз”, “Қандай жылы, әсерлі, тамаша көрініс” – деп жазды желідегілер.


"Ұлымды шамадан тыс әспеттемеуді сұраймын": "Қайрат" қақпашысы Шерханның анасы желідегілердің назарына ілінді


Клубтың жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза “Реал Мадрид” пен “Қайраттың” ойынында өзін ерекше көрсетіп, көпшіліктің ықыласына ие болған еді. Осыған дейінгі "Спортингке" қарсы матчта да 18 жас қақпашы өз икемін көрсетіп, Чемпиондар лигасында пенальти қайтарған ең жас қақпашы атанған. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматылық "Қайрат” футбол клубының 18 жасар қақпашысы әлем және желі жұлдызына айналғанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 19:38
Талқылау