"Қайраттың” қаһарман қақпашысы клубпен қош айтыспақ
Фото:”Қайрат” фк
Алматылық “Қайрат” футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий командадан кетпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ақпаратты журналис Елдар Аманбаев өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Журналисттің мәліметінше, “Қайрат” тәжірибелі қақпашымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдаған.
"Александр Заруцкий “Қайраттан” кетеді. Чемпион клуб тәжірибелі ойыншымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. ҚПЛ-дың қай клубы қақпашыны өз қатарына қосқаны дұрыс деп ойлайсыздар?" – деп жазды Аманбаев.
Айта кетейік, маусым басында Заруцкий “Қайраттың” негізгі тірегіне айналып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдерінде қақпаны сенімді қорғаған еді. Алайда “Селтикке” қарсы матч кезінде ол ауыр жарақат алып, оның орнына жас қақпашы Темірлан Анарбеков шықты.
Анарбеков өз мүмкіндігін сәтті әрі толық пайдаланып, көзге түсті. Ол тіпті Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып үлгерді. Енді “Қайраттың” негізгі қақпасын дәл осы Темірлан қорғауы мүмкін.
Александр Заруцкий “Қайрат” сапында барлығы 24 матч өткізіп, 18 гол жіберіп алған. Сондай-ақ, 8 кездесуді “құрғақ” аяқтаған. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдерінде оның сенімді ойыны клубтың тарихи нәтижеге жетуіне үлкен үлес қосты.
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді

