"Қайраттың" Еуропа лигасындағы мүмкін қарсыластары белгілі болды
Фото: fckairat.com
2025/26 маусымындағы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеребе нәтижесінде алматылық "Қайрат" клубының аталмыш кезеңдегі ықтимал қарсыластары анықталды.
Командалар дәстүрлі түрде екі бағытқа – Чемпиондар жолы мен Лига жолына бөлінді. Егер "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде жарыстан шығып қалса, Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өтіп, онда Латвияның РФШ және Швецияның "Мальмё" клубтары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездесуі ықтимал.
Айта кетейік, бұл әзірге тек болжам. Себебі алматылық команда әлі де Чемпиондар лигасындағы өз жорығын жалғастырып жатыр. Екінші кезең аясындағы алғашқы матч 22 шілдеде сырт алаңда финдік КуПС командасына қарсы өтсе, қарымта ойын 29 шілдеде Алматыда ұйымдастырылады.
Егер "Қайрат" бұл кезеңнен сәтті өтсе, Чемпиондар лигасының келесі айналымына жолдама алады, ал бұл турнирдегі болашақ қарсыластар да алдын ала белгілі болып отыр.

Қазақстандық қыз АҚШ-қа оқуға барып, жүкті екенін білді: Ол қолындағы баласымен Йель университетін бітіріп, Стэнфордқа түскен
