"Қайраттың екінші отбасы бар": Гүлзира Айдарбекова ұлына қатысты жалған ақпарат таратқан оқырманды сотқа берді
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты жалған ақпарат таратқандармен күресіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушысы әншінің жеке өміріне қатысты пікір білдірді.
“Қайратттың екінші отбасы бар. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының қызы. 2022 жылы үйленді”, – деп жазды бір оқырманы.
Алайда продюсерге бұл мәлімет ұнамай қалып, қатты ашуланды.
“Осы сөзіңіз үшін жауап бересіз. Бәрін дәлелдейсіз. Осындай жала жапқаның үшін сотқа беремін. Дайын бол. Фейк аккаунтты да табу қиын емес”, – деп жазды продюсер.
Еске салайық, желі қолданушылар продюсердің Жұлдыз Әбдікәрімованы балалы болуымен не себепті құттықтамай жатқанын білгісі келген еді.
"Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алған жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым. Солай ма достар?", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
