Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың балаларын бағып отыр": Жұлдыз Әбдікәрімова анасының туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Отандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова анасының туған күнінде ерекше жазба жариялап, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Дінге бет бұрған әртістің анасына желі қолданушылары да ақжарма тілектерін жазып жатыр. 

“Жәннатымның туған күні! Жүрек тыныштығымның кілті анамның күлкісінде екенін өзім ана болған сәттен сезгем. Анашымның ортамызда ұзақ жүргенін, балаларына риза болғанын, маңдайымнан мейірлене иіскегенін жаратқан көп көрмесе екен. Перзенттік парызымды өтеуге өле-өлгенше тырысарым анық. Он сегіз мың ғаламда дәл менің анам болғаныңыз үшін алғыс. Менің анашым, менің асылым, менің бекзадам", – деп жазды актриса. 



Сондай-ақ өнер иесінің анасын құдағиы Гүлзира Айдарбековамен салыстыратындар табыла кетті. Жұлдызды ененің немере бақпайтынын айтты. 

“Нағыз қарапайым кісі. Ешқандай шетелге барып қыдырып, өзін көрсетіп жүрмейді. Балаларының амандығын тілеп, басынан орамалын тастамайды”, “Қайраттың балаларын бағып отыр”, “Гүлзира немерелерін бақпайды, баласы Қайратты әлі бағып жүр”, “10 жыл Жұлдыз бақты, кейін анасы көмектесті”, – деп жазып жатыр көпшілік. 

Еске салайық, желі қолданушылары Жұлдыз Әбдікәрімованы қысқа кигені үшін сынап тастаған еді.

 

Талқылау