Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайраттан" кеткен Александр Заруцкий “Ақтөбе” клубының қақпашысы атанды

қақпашыФото:”Ақтөбе” фк

Алматылық “Қайрат” футбол клубының негізгі қақпашысы болған Александр Заруцкий “Ақтөбе” клубының қақпашысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ресми мәліметті “Ақтөбе” футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Александр Заруцкиймен келісімшарттың аяқталғанын хабарлаған еді. 

Енді белгілі болғандай, қақпашы мен "Ақтөбе" клубы екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Осылайша, Александр Заруцкий 2027 жылдың желтоқсанына дейін "Ақтөбе" сапында өнер көрсетеді.
Заруцкий "Қайрат" құрамында 24 матч өткізіп, 18 гол жіберген және 9 матчта қақпасын голдан аман сақтаған.

Сондай-ақ ол алматылық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына елеулі үлес қосқан қақпашылардың бірі болды. Алайда плей-офф кезеңінде соңғы Селтикке қарсы ойында Александр жарақат алып, оның орнын Темірлан Анарбеков басты. Жас қақпашы өзіне берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ойын барысында ерекше көзге түсті.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 31 Желтоқсан, 2025 16:03