Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” сырт алаңда "Копенгагеннен" 3:2 есебімен жеңілді

футболФото:”Қайрат” фк

Алматылық “Қайрат” клубы Чемпиондар лигасының 5-турында сырт алаңда “Копенгагенге” қарсы матчта 3:2 есебімен жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қос команда бірінші таймда бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсаңға түсті. Дегенмен 26-минутта “Копенгаген” сапынан Дадасон алматылық клубтың қақпасынан саңылау тауып, есеп ашты.

“Қайраттықтар” да бірнеше рет шабуыл  жасағанымен, қарсыластың қорғанысын бұзып өте алмады.

 

Ал екінші таймда “Қайрат” құрамасынан Қасаболат ойын тәртібін бұзып, төреші пенальти белгіледі.
 
Нәтижесінде 59-минутта айып добынан Ларссон гол соғып кетті. Бұл допқа Темірлан Анарбековтың өзі тосқауыл бола алмады.

Осыдан кейін 73-минутта Сильва есепті ұлғайтып, “Қайратты” тығырыққа тіреген еді.

Алайда алматылық клубтың жас жұлдызы Дастан Сәтпаев “Копенгаген” қақпасына гол соқты. Артынша қосалқы құрамнан алаңға шыққан Олжас Байбек қарсыластың қорғанысын кезекті мәрте бұзып, есепті 3:2-ге жеткізді.

Матчтың соңғы сәттерінде сары-қаралар үшінші голды соғуға тырысқанымен есеп өзгеріссіз қалды.

Осылайша сырт алаңда “Қайрат” “Копенгагенге” 3:2 есебімен ұтылды.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 01:46
Талқылау