Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар үш компания "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне өтті

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар үш компания "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, 2025 жылдың 14 ақпанынан бастап "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "Ақмолит" ЖШС, "Мархит" ЖШС және "Топаз-НС" ЖШС акцияларының 100 пайызын сатып алды. 

“Осылайша, химия өнеркәсібі үшін минералды шикізатты өндіретін "Ақмолит", асыл және сирек металдарды өндіруге маманданған "Мархит" және инвестициялық, сауда-делдалдық қызметпен айналысатын "Топаз-НС" компаниялары "Самұрық-Қазына" қорының еншілес ұйымы – "Тау-Кен Самұрық" ҰК" АҚ-ның меншігінен бас компанияның меншігіне өтті”, – делінген хабарламада. 



Бұл үш компания, 2022 жылы сыйға тарту шарты бойынша мемлекет меншігіне өткен он шақты компанияның арасында Сатыбалдымен байланысты.

2023 жылдың басында Мұхаммедәлі Дербісалиев үшеуінің ең ірісі "Ақмолит" ЖШС директорының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған еді. 

Айта кетейік, бұған дейін Антикор Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген мүліктердің тізімін жариялаған еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 21 Ақпан, 2025 13:46
Талқылау