"Әлсіз тұстарын таптық": "Қайрат" "Реалды" қалай жеңбек
Фото: Fckairat.com
Алматылық “Қайрат” футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мен команданың қорғаушысы Егор Сорокин “Реал Мадридке” қарсы өтетін Чемпиондар лигасының алдағы матчы алдындағы міндеттері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 қыркүйек күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы алғашқы ойында қазақстандық “Қайрат” Еуропаның ең атақты клубына “Реал Мадридпен” кездесу өткізеді.
Бас бапкер өз сөзінде “Реалда” көп кемшілік жоқ екенін мойындады.
“Бірақ талдай отырып, біз бірнеше әлсіз тұсын таптық. Кемшіліктер кез келген командада болады. Біз оны қалай пайдаланамыз – ол басқа мәселе. Қандай кемшіліктер? Әзірге айтпаймын. Егер біздің қолымыздан келсе, бәріңіз көресіздер”, – деді бас бапкер баспасөз мәслихатында.
Команданың қорғаушысы Егор Сорокин де мықты қарсыласқа қарсы ойында жеңуге мүмкіндік бар деп есептейді.
“Тәртіп – класстан мықты. Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдаланамыз, сонымен қатар стандартымыз бар”, – деді футболшы.
Сондай-ақ оларға “Мбаппені ұстай аласыздар ма?” деген сауал қойылды. “Қайрат” өкілдері мұның ұжымдық жұмыс екенін айтты.
“Біз қолдан келгеннің бәрін жасап, ол адамға алаңда өзін жайлы сезінуге мүмкіндік бермеуге тырысамыз”, – деп толықтырды Сорокин.
Еске салайық, бүгін француз шабуылшысы Килиан Мбаппе “Қайратқа” қарсы матчқа Алматыға келді. 2018 жылғы әлем чемпионы осы маусымдағы сегіз ойында 10 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Матч 30 қыркүйекте сағат 21:45-те басталады. Алайда капитан әрі негізгі қорғаушы Дани Карвахаль жарақатына байланысты тізімде жоқ.

"Тамада министр": Қызметінен босатылған оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев несімен есте қалды
