Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат – Реал матчына билетті алыпсатарлардан алғандар стадионға кіргізілмейді – "Қайрат" ФК

Фото: Stan.kz

"Қайрат" – "Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының билеттері ресми сатылым кезінде лезде таусылып, алыпсатарлардың қолында болды. Олар билет құнын бірнеше есе өсіріп, тіпті 1,4 миллион теңге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Билеттер клубтың сайтында, билет сату қызметі арқылы және виртуалды кезекте тұрған "Qairat SuperApp" арқылы сатылды. Бір ЖСН үшін ең көбі екі билет алуға рұқсат етілді. УЕФА-мен келісілген номиналды құны 30 000-250 000 теңге болды. Алайда көбі билетті алып үлгермегендерін жазды.

Threads сынды желілерде ондаған хабарландырулар пайда болды, екі билет үшін 1,4 миллион теңге сұрағандар да болды.

алыпсатарлар билетті қымбатқа сатқан

 

алыпсатарлар билетті қымбатқа сатқанАлайда "Қайрат" үшінші адамдардан сатып алынған билеттер жарамсыз екенін және оларды стадионға кіргізбейтінін ескертті. Сондай-ақ баспасөз қызметі 30 қыркүйекке арналған орындардың барлығы сатылғанын хабарлады. Орталық стадионға кіру сағат 18:45-те ашылады, алайда ертерек келу ұсынылады.

Испаниялық БАҚ та Алматыдағы "Реал – Мадрид" ойынына қызығушылық өте жоғары екенін жазды. "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездесуі 30 қыркүйек күні Алматыда, Орталық стадионда өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін алыпсатарлар "Қайрат" пен "Реал" матчына билеттерді екі есе қымбат бағаға сатқаны туралы жазған едік.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 14:35
Талқылау