Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” өз алаңында Испания чемпиондарына есе жіберді

Қайрат футзалФото:”Қайрат” футзал

Алматылық "Қайрат" футзал клубы өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалындағы алғашқы матчта Испания чемпионы "Картахенаға" қарсы ойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тартысқа толы матчтың 20-минутында қақпашы Вандерсон гол соғып, есеп ашты.

Алайда араға небәрі он секунд салып, қарсылас команда екі бірдей голмен жауап қатты. "Картахена" сапынан алдымен Дарио Хиль таразы басын теңестірсе, артынша Жуниньо командасын алға шығарды.

Нәтижесінде шешуші екі гол матч тағдырын айқындады.

Естеріңізде болса, өткен маусымда "Қайрат" дәл осы "Картахенаны" жартылай финалда 3:2 есебімен жеңген еді.

Чемпиондар лигасының ширек финал жұптары:
    •    "Қайрат" – "Картахена"
    •    "Семей" – "Этуаль"
    •    "Пальма" (Испания) – "Рига" (Латвия)
    •    "Бенфика" (Португалия) – "Спортинг" (Португалия)

Ширек финал жеңімпаздары 8-10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтетін Төрттік финалда бақ сынайды.

Енді “Қайрат” пен “Картахена” арасындағы қарымта матч 7 наурыз күні Испанияда өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:30-да басталады.

Айта кетейік, өткен маусымда "Қайрат" шешуші кезеңге дейін жеткенімен, финалда испаниялық "Пальмаға" жол берген еді.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 12:18