“Қайрат” ойынында “Брюгге” жанкүйерлері Борат киімін киіп келіп, қазақстандықтардың ашуын тудырды

20 қаңтар күні Астана Аренада "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы үйдегі соңғы матчында Бельгияның "Брюгге" командасын қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған ойында "Брюгге" жанкүйерлерінің әрекеті көпшіліктің назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан үш жанкүйердің Бораттың бейнесіндегі ашық түсті манкини киіп келгенін көруге болады.
Кейін белгілі болғандай, полиция қызметкерлері оларды ұстап, бөлімшеге жеткізген. Қоғамдық орында мас күйінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қалалық полиция департаменті қоғамдық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін және мінез-құлық ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, қазақ жанкүйерлерін ашуландырды.
“Деңгейіміз осындай”: Еркін Тапалов "Брюггеден" жеңілуін ойын ырғағының болмауымен байланыстырды
Айта кетейік, матчта "Брюгге" командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында бельгиялық клуб "Қайраттан" басым түсіп, өздерінің айқын фаворит екенін дәлелдеді.
"Соңында талан-таражға түсіп, экологияға қауіп төндіреді": Көкжайлау тау шаңғысы курортын салуға алматылықтар қарсы шықты