Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат”–“Олимпиакос” матчына қатысты дау: –28°С аязда жұмыс істеген стюардтар еңбекақыларын алмағынын айтып шағымдануда

Қайрат фкФото:Getty Images

9 желтоқсан күні Астана аренасында “Қайрат” пен “Олимпиакос” арасындағы матч өтті. Алайда бұл ойын алматылық клубтың жеңілісімен ғана емес, сонымен қатар даулы жағдаймен де есте қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Матчта қызмет көрсеткен стюардтар өз еңбекақыларын әлі күнге дейін ала алмай отырғандарын айтып шағымдануда.

Бұл туралы goalkz_official Instagram парақшасы хабарлады.

“Сәлеметсіздер! 09.10.25 күні “Қайрат” пен “Олимпиакос” матчы өткен Астана аренасында орын алған жағдай туралы хабарлағымыз келеді.
Матчты қамтамасыз ету үшін стюардтар жиналды. Бізге төлем ойын аяқталғаннан кейін бірден жасалады деп айтылған. Алайда іс жүзінде бізді –28°С аязда ұзақ уақыт күттірді. Кейін бізді бір топқа жинап, ақшаны әрқайсысына жеке жібереміз деп хабарлады. Бірақ төлем де жоқ, жауапты адамдар да байланысқа шықпай жатыр. Қоңыраулар мен хабарламаларға жауап берілмейді”, – делінген жазбада.

Бұл видеожазбаның астына жанкүйерлерде өз наразылықтарын білдіруде.

“17,18 жастағы қыз-ұлдар. Қақаған аязда еңбек етті ғой. Қалай ұялмайды”, “Әй жас балалардың ақшасын жеп алысқа бармайсыңдар?”, “Масқара ғой мынау”, “Ұятын-ай! Мынау таза адамдардың алдап, арбау”, – деген пікілер жазылып жатыр.

Айта кетейік, “Қайрат” негізгі кезеңдегі алты ойында әзірге бір ғана ұпай жинады. Команда “Пафоспен” (0:0) тең түсіп, “Спортингтен” (1:4), “Реалдан” (0:5), “Интерден” (1:2), “Копенгагеннен” (2:3) және “Олимпиакостан” (0:1) жеңіліп қалды. Алда клубты “Арсенал” және “Брюггеге” қарсы маңызды матчтар күтуде

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 20:39