Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас АҚШ-та Қазақстанның туын көкке көтерді (видео)

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай АҚШ-та мерекелік іс-шара өтті. Филадельфия қаласында ұйымдастырылған мерекеге композитор Марат Омаров пен әнші Қайрат Нұртас қатысты. Қайрат аталған қалада алғаш рет Қазақстанның туын көкке көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Әрдайым ұлының жанынан табылатын анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова да бұл сапарға Қайратпен бірге шықты. Қуанышты хабарды продюсер елге сүйіншілеп жеткізді. 

"Сүйінші, қазақ елі! Бүгін АҚШ еліндегі Филадельфия қаласында алғаш рет қазағымыздың көк туын желбіреттік! Ура! Қазақстан елінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Елім-жерім деп, қыршын жандарын қиған қаншама азаматтарымыздың жандары жәннатта болсын! Жаса, Қазақстан!" – деп жазба қалдырды ол. 

Қайраттың өзі де қазақстандықтарды егемендіктің 30 жылдығымен құттықтап, айтулы сәтке куә болғанына бақытты сезінетінін айтты. 



"Ассалаумағалейкум бауырлар! Баршаңызды бүгінгі Егемен Еліміздің тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Мен тәуелсіздікпен бірге өсіп келемін және еліміздің алған асуы мен бағындырған белесі өте көп. Соның бірі шүкір бүгін сіздермен жүздесіп, осынау алып мемлекеттің төрінде көк байрағымыздың көтеріліп жатқаны. Мен үшін осы күнді сіздермен осында атап өту үлкен бақыт!" - деді ол. 

 

Талқылау