Қайрат Нұртастың жол апатына түсуіне жылқылар себеп болған
Күні кеше жол апатына ұшыраған әнші Қайрат Нұртас рульде өзі болмаған. Оны Әйтеке би ауданының бір тұрғыны өз көлігімен апара жатқанда тас жолдың бір бөлігінде бір үйір жылқыларға соғылған.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қызылорда облысы Қазалы ішкі істер департаментінің xабарлауынша, бөлімге ешқандай шағым түскен жоқ. Себебі екінші зардап шеккен адам болған жоқ. Ал Қайрат Нұртас мінген көлік тас жолда жүрген жылқыларға соғылған. «Көліктің жүргізушісі ауруxанаға көрінген. Болды. Ол – Әйтеке би кентінің тұрғыны. Оған Қайрат Нұртасты апарып тастасын деп өтініш жасаған. Сөйтіп, түнгі сағат 12-де келе жатқанда жылқыларға соғылған. Жылқылар жарыққа жүгіреді ғой. Қайраттың өзі ауруxанаға көрінбеген», – дейді бөлім кезекшісі. Жылқының иесі әзірше белгісіз.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, әнші Қайрат Нұртас жол апатына ұшыраған еді. Бұл туралы әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде хабарлаған.
Жіберіп алмаңыз:
Тікелей эфир барысында ер адам “абайсызда” әйелдің төсін ашып жіберді (видео)
Бойы 1 метрден сәл-ақ асатын 24 жастағы жігерлі қыз нәпақасын өзі тауып жүр
Алматы облысының тұрғыны итінің арқасында жаңа “Лексусты” тізгіндеді (видео)
Араб азаматымен көңіл қосқан қазақ қызы туған балаларына жете алмай зар жылауда
170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі