Қайрат Нұртастың балалары концертте қандай өнер көрсетті
Бұл концерттің көпке дейін ел аузында болатыны сөзсіз! Иә, күні кеше Қайрат Нұртас алғаш рет сахнаға жалғыз өзі емес, бүкіл отбасын алып шықты. Сонымен Қайраттың балалары көптен күткен ән кешінде қандай өнер көрсетті? Stan.kz оқырман көкейіндегі сұрақтарға жауап бермек.
Бірер күн бұрын Гүлзира Айдарбекова өзіне ұқсаған немересі Алау туралы айтқан еді. Продюсер ханым ортаншы немересінің биге икемі бар екенін алға тартып, оның концертке қалай дайындалып жатқанын көрсетті. Расымен де Алау Қайратқызы заманауи би билеп, концертке келген көрерменді тәнті етті.
Ал Қайраттың атұстары Нарұл әкесімен бірге “Қазақ қызы” әнін шырқап, аруларды бір қуантты. Сахнаға әкесімен қол ұстасып шыққан ол поэзиядан да шашу шашты.
Сондай-ақ, Айдарбековтер әулетінің кенже атұстары Хан да көпшілікке өнерін паш етті. Ол да әкесімен бірге ән айтты. Концерт барысында Қайрат ұлын күймеге отырғызып, хандай болсын деген ниетпен төбесіне көтерді.
Бұдан өзге, Қайрат жұбайы Жұлдызбен, інісі Заңғармен дуэт айтты. Әншінің ата-анасы да қалыс қалмады. Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер әйгілі үнді әнін шырқап, залды бір шулатты.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртас төрт баласын халыққа таныстырды (фото)
Кешірмесеңіз, қайта шығарып жіберемін: Төреғали павлодарлық қариядан кешірім сұрады (видео)
Ұяты бар адам бұлай жасамайды: Тұрсын Алагөзов өзін сотқа берген ұлына жауап берді