Қайрат Нұртастың бала күнінде ән салған видеолары көпшілікті қуантты
Айған Жолдасова инстаграмдағы парақшасында Қайрат Нұртастың сахнаға алғаш шыққан сәтін бейнелеген видеолармен бөлісіп, әндерінің аранжировкасын бір кездері Ұлықпан Жолдасовтың үйде отырып жазып бергенін айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Халық Қайрат Нұртастың киелі сахнаға қадам баспас бұрын қандай мектептерден өтіп, өнерін көпшілікке қалай таныстырғанын біледі. Анасы бірден бейнебаян түсірмей, ауыл-ауылды аралап концерт беруге кеңес берген. Осылайша Қайрат Нұртас Қазақстанның көп қаласы мен ауылын аралап шығады. Бірнеше байқауға қатысып, жеңімпаз атанады. “Арман” атты әні Қазақстанда ғана емес, шетелде де хитке айналып, өзіндік тыңдармандарын табады. Ал, елімізге танымал әншінің алғашқы әндерінің аранжировкасын Ұлықпан Жолдасов жазып берген екен.
“Қайрат сегіз жаста. Алғаш үлкен сахнаға деген қадамын “Ана” әнімен бастаған еді. Бұл кезде аранжировканың барлығын Ұлықпан үйде отырып жазатын. Сол кезде балапан Қайрат та келіп осы әнін жаздырған. Ұлықпан парақшадан көріп қалып мына видеоны “Менің звуктарым ғой. 8 жасында жазып берген едім” деп жатыр. Өрлей бер, өсе бер”, – деп бүгінгі әнші Қайратқа ақ тілегін жаудырды.
Видео опубликовано Айған Сайлаубайқызы (@aigan_zholdasova)
Видеодағы Қайрат Нұртастың 7-сыныпта соңғы қоңырауда “Махаббат назы” әнін орындап тұрған сәті. Бұл әннің де аранжировкасын Ұлықпан Жолдасов жазған екен.
Естеріңізге сала кетсек, әнші Қайрат Нұртастың “миллионер” атанғаны туралы жазған болатынбыз.