Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың анасы келінін жұртқа биыл көктемде таныстырмақ

Гүлзира Айдарбекова келінін жұртқа ағымдағы жылдың көктем мезгілінде таныстыратынын айтты.

1437934484gtkwz

Фото: comode.kz

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Осы уақытқа дейін Гүлзира Айдарбекова мен Сиви Махмұди арасында түсініспеушілік орнаған-ды. Бұған кейінгісінің жұртқа Қайрат Нұртастың отбасы туралы айтуы себеп болды. Сиви отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында кезекті фильмде Қайрат Нұртас пен оның 4 бала-шағасы, әйелі ойнайтынын айтып қойған-ды. Осы тақырыпқа қатысты “Ұят емес” бағдарламасында Гүлзира ханымға “Келініңізді өзіңіз таңдадыңыз ба?” деген сұрақ қойылды.

“Бұл сұраққа жауап бермеймін. Ол тақырыпты қозғамай-ақ қойсаңыздар болады. Мен алдында халыққа айтып кеткен болатынмын. Жақында өз уақыты келеді. Сол кезде айтылады. Біз күзде түсіреміз деген киномыз көктемге қалды. Сол себепті, ең болмаса, көктемге дейін шыдаңыздар. Сосын барлығы айтылады”, – деді Гүлзира Айдарбекова.

Бұдан кейін қойылған “Демек көктемде келініңіз туралы барлық ақпаратты жайып саласыз?” сұрағына жауапты продюсер “Құдай қаласа!” деп қысқа қайырды. Яғни продюсер көктемде түсірілетін фильм арқылы жұртқа келінін таныстырмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Түскен тісінің орнына гүл қоймақ болған Алтынайдың қызы жұртты күлдірді (видео)

Алтынай Жорабаева Таиландта адамға жабысатын маймылдардан қорқып қалған (фото, видео)

Айнұр Тұрсынбаева жұртты тек Аллаға сенуге шақырды

Сиви мен жары отбасылық өмірлерінің 5 жылдығын атап өтті (фото, видео)

Талқылау