Қайрат Нұртасқа еліктеген Жігер Ауыпбаев әкесінен жұлдыз жасамақ
Қазақстандық әкелер шашына ақ түскен шақта шоу бизнеске келіп, жұртты қуантып жүр. 50-ден асқан Нұртас Айдарбековтың әрекеті көпке үлгі болып жатыр. Жұрттан қалыспайын деген ниетпен Жігер Ауыпбаев та әкесінен жұлдыз жасамақ.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
«Әкемнің Бегалы есімді туған ағасы бар. Сол кісі гитарада мықты ойнаған. Ол кезде Досмұқасан ағаларымыз енді шығып жатқан болатын. Әкем соларға еліктеп достарымен, ағасымен қосылып топ құрған екен. Өздері гитарада, достары барабанда ойнаған», – дейді Жігер.
Алайда Жігер Ауыпбаевтың әкесі үлкен сахнаға шықпай қалған екен. Оның арманын жұлдызды ұл орындаймын деп отыр.
«Анама үйленбей тұрып сахнаға шығуды армандап жүрген. Мен өнердің ұшын ұстаған адамның көп нәрсені армандайтынын білемін, сеземін. Кейде үйдегі аспаптарды алдына алып, әкем ыңылдап ән айтып отырады. Бұйырса, өзімнің жеке шығармашылық кешім болатын кезде жақсы бағдарлама дайындаймын. Әкем де сол бағдарламаға қатысады», – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәлі Болманов Астана әкімінен мадақ сөз естігенін айтып мақтанды
Артур Төлепов: Ешкім Димаштың қанын сорып, қытайдың қанын құйып қоя алмайды
Жеңіс Ысқақова: Димаш – бәйгеден келген тұлпар, Қайрат – халықтың сүйіктісі
Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)