Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас түрікше әнге бейнебаян түсіретінін айтты

“Арман” фильмінің тұсаукесерінен кейін Қайрат Нұртас бұрынғы әдетіне салып, жер-жерді араламақ. Әнші алғашқы гастролдік сапарын Түркия елінен бастамақшы. Бір қызығы, бұған дейін ресейлік және түркиялық әріптестерін қазақша сөйлеткізген Қайраттың өзі бұл жолы өзге халықтың тілінде ән шырқамақ.

Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Құдай қаласа, шет мемлекетке сапарға шығамын. Түрік халқына өнерімді паш етсем деген ойым бар”, – деп бөлісті Қайрат. Әнші түрік ағайындарға ұсынатын туындысын да таңдап қойған.

“Сағындырған күнім сен… Құрмаш Маханов ағамыздың “Аңсарым” деген әнін түрікшеге аударып, түрікше бейнебаян түсірмекшімін”, – дейді Қайрат. Алайда Қайрат түрікше бейнебаянның сюжетін құпияда сақтап қалды.

“Сюжет дайын, оны айтуға болмайды, құпия”, – деп мәлімдеді Қайрат.

Қайрат аталған бейнебаянның түсіріліміне 1-2 аптаның ішінде кірісетінін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Сахнаға ұлын алып шыққан Ерке Есмахан жұртты сүйсіндірді (видео)

Жәния Джуринская «оқымаған актриса» деп сынағандарға жауап берді

Лондон төрінде “Қара жорға” билеген Тәуекел Мүсілім жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Асхат Садырбай бірінші әйелі Еркемен шығармашылық байланыста екенін айтты

Талқылау