Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас сахнаны Төреғалиден қызғанбайтынын айтты

Қайрат Нұртас бұрынғыдай ауыл-ауылды аралап, концерт беруін азайтты. Оның орнына жиі-жиі бейнебаян түсіріп, шығармашылығын шыңдап келеді. Оған себеп әншінің денсаулығында. Танымал әнші бұрынғыдай аудан-ауылдарға бара беруге денсаулығының жарамай қалғанын айтты.

image

Ал журналистер әншінің жиі бейнебаян түсіруі бәсекелестіктің артқандығынан деп отыр.

«Қайраттың жиі клип түсіруі бәсекенің артқандығы деп білемін. Қазір хит әншілер өте көп. Төреғали бар, Ернар Айдар бар. Олар қазір асығы алшысынан түсіп тұрған мықты хитмендер», – деді журналист Серікқазы Аязбаев.

Ал Қайрат Нұртас мұны жоққа шығарып отыр. «Әркімнің өз несібесі бар», – дейді әнші.

«Көп бола берсін. Көп болғанына мен қуанамын. Алланың берген несібесін, басыңа берген бақты ешкім алып қоя алмайды. Оған таласпай-ақ та қою керек. Ода емес мәселе. Қазір кім не айтпай жатыр?! Адамның ойы әртүрлі болып кетті ғой. Менің ойым – өзімді танымал ету емес, маған жарнама да керек емес», – деді ол Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, Қайрат денсаулығының сыр беріп жүргенін мәлімдеді.

«Қазір көп аудандарға бара алмаймын, өйткені үлгермей жатамын, бір жағынан денсаулық та жарамайды бұрынғыдай. Сондықтан қазір бейнебаян түсірумен айналысып жатырмын. Біз теледидардан айына 1-2 рет көрініп тұруымыз керек», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

Баян Мақсатқызы мен Аша Матай талғамсыз киімдерімен таңқалдырды (фото)

Анджелина Джоли араб миллиардерімен көңіл жарастырып жүр

Төлендиев өзін «қыздарға қырындап, құдаларды есекке теңеді» деп айыптағандарға жауап берді (видео)

Талқылау