Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Продюсерім өз анам болғаны үшін бақыттымын

Қайрат Нұртас өзін жолы болғыш адамдардың қатарына жатқызады. Себебі ол өзге әншілер ұқсап өзіне мүлдем бөтен болып келетін адамға (продюсерге) бағынбайды. Өзін дүниеге әкелген анасымен бірге жұмыс істейді. Арасында еркелеп те алады.

Гулзира айдарбекова кайрат

Бұл туралы ол КТК арнасының «Наша правда» бағдарламасында айтты.

«Мен бақыттымын, өйткені менің анам – менің продюсерім. Шынымды айтсам, үйде де, сахнада да, өнерде де менің анам бірдей. Сахнада да, үйде де оған еркелеймін. Менің продюсерім басқа адам болғанда, маған өте қиын болар еді. Кей кезде кездесулерге, тойларға барғым келмесе: «Мама, бармай-ақ қояйыншы, ұйқым кеп тұр», – деймін. Сонда анам: «Болды, балам, жата бер», – дейді. Продюсерім өз анам болғаны үшін Аллаға сансыз шүкір айтамын», – дейді Қайрат.

Қайрат өнер әлемінде танымал болуына ықпал еткен анасына шексіз қарыздар. Анасы ол үшін бәрін істеді. Тіпті, бір кездері көшеге шығып, өз қолымен плакат жабыстырды. Бұл туралы Қайрат:

“Бір күні Ыстық көлге бардық. Ой қыдырамыз, демаламыз дедік. Бірақ түнде анам бір жаққа шығып кетті. Қайда кетті деп уайымдап кеттік. Сыртқа шығып қарасақ, мамам Ыстық көлде түнде далада плакат жабыстырып жүр. Әр мейрамхананың сыртына барып жабыстырып жүр. Сосын кешкі уақытта сол жерден тамақтанып әрі келген қонақтарға концерт қойдық”, – дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова: Ендігі мақсатым – Қайраттан әлемдік “мегажұлдыз” жасау

Димаштың анасы: Адал сүт емген қыз босағамыздан аттаса екен

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты (фото)

Димаш Құдайберген Singer-дің 9-кезеңде екінші орын алды (фото)

Күйеуімен Норвегияға көшіп кеткен Ақкенже Әлімжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Талқылау