Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” клубының жұлдызды футболшысы командадан кетті

Қайрат фкФото:”Қайрат” фк

Алматылық "Қайрат" футбол клубы 28 жастағы жартылай қорғаушы Гиорги Зариамен қош айтысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Клубтың ресми мәліметіне сәйкес, "Қайрат" пен футболшы арасындағы келісімшарт мерзімі аяқталды.

Грузиялық жартылай қорғаушы 2024 жылдың басында "Қайрат" сапына қосылған еді. Ол алғашқы ресми матчында-ақ дебют жасап, бірден гол соғып, жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді.

2024 жылғы маусымда Зариа жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 30 матчқа қатысып, 15 нәтижелі әрекетімен көзге түсті. Сондай-ақ ол маусымның үздік жартылай қорғаушысы атанды.

Қазақстан чемпионатының шешуші сәтінде, соңғы турда "Атырау" қақпасына жалғыз әрі жеңіс голын соғып, Алматыға чемпиондық титулды қайта алып келді.

2025 жылғы маусымда Гиорги Зариа "Қайраттың" қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атануына, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуына және УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тарихи жолдама алуына зор үлес қосты.


“Қайрат” футбол клубы тағы бір футболшысымен қош айтысты


“Қайраттан" кеткен Александр Заруцкий “Ақтөбе” клубының қақпашысы атанды


Айта кетейік, Гиорги Зариа "сары-қаралар" жейдесінде барлығы 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Осылайша ол "Қайрат" клубының тарихында өз есімін алтын әріппен қалдырды.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 06 Қаңтар, 2026 23:56