“Қайрат” клубының дәрігері әуежайда “бомба бар” деп әзілдегені үшін қамауға алынды

Қазақстан Суперкубогінен кейін “Қайрат” клубының дәрігері даудың ортасында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әуежайда сәтсіз қалжың айтып, соның салдарынан құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ішкі рейстер аймағында тіркеуден өтіп жатқан сәтте Д.Тұрәлиев қауіпсіздік қызметкерінің сұрағына жауап бере отырып, үстінде жарылғыш зат бар екенін айтып әзілдеген.
Оқиғадан кейін әуежайда қауіпсіздік шаралары дереу күшейтіліп, кинологтар мен полиция қызметкерлері шақырылды.
Ер адам бірден ұсталып, рейске жіберілмеді. Мамандар нысанды тексеріп, бекітілген тәртіпке сәйкес барлық қажетті рәсімдерді жүргізді.
Алғашқы тексеріс барысында қауіпсіздік қызметі стандартты алгоритм бойынша мынадай шаралар қабылдады:
• терминалға кинологиялық қызмет мамандары шақырылды;
• әуежай аумағына полицияның жедел тобы келді;
• жолаушы рейстен түсірілді;
• оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қауіп расталған жоқ жағдай сәтсіз қалжың ретінде бағаланған.
Сарапшылардың айтуынша, әуе айлағында жарылғыш заттарға қатысты кез келген мәлімдеме, тіпті әзіл ретінде айтылса да, аса қауіпті болып саналады.
Мұндай сөздер қауіпсіздік алгоритмінің толық іске қосылуына себеп болады. Нәтижесінде рейстер кешігіп, жолаушыларға қолайсыздық туындайды және қосымша күштер жұмылдырылады.
"Тобыл" Қазақстан Суперкубогінің төртінші мәрте жеңімпазы атанды
Менің тарапыма қарай айтылатын хейтке көзқарасым оң — Еркін Тапалов
Құзырлы мекемелер әуе көлігі нысандарында тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салды. Заңға қайшы әрекеттер міндетті түрде тиісті құқықтық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған