Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” қатарына тағы бір легионер футболшыны қосты

жаңа футболшыФото:”Қайрат” фк

Алматылық "Қайрат" өз қатарына бразилиялық  қорғаушы Лукас Африконы қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

З0 жастағы қорғаушы мен алматылық команда 2026 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды.

Бразилиялық футболшы бұған дейін Түркияның бірінші лигасындағы "Ван Спор” сапында ойнап, 11 матч өткізді.

Ал кәсіби мансабын 2015 жылы Гуаральюс қаласындағы "Фламенго” клубында бастаған. 

Одан кейін өз елінің  бежелді командаларының бірі "Сантос” пен "Лондрина” қатарында доп тепті.

2018 жылы футболшының жұлдызы жана бастады. Дәл сол жылы ол Eуропалық футбол нарығына шығып, Португалия чемпионатында көзге түсоі. 

Сонымен қатар  "Маритиму" және "Эшторил” секілді ұжымдарда бірнеше маусым тұрақты өнер көрсетті. Португалияның жоғары дивизионында жалпы 75 матчқа қатысып, 3 гол соққан.

Айта кетейік, бұған дейін команданың қатарына финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен қосылған. Футболшы алматылық ұжыммен 2027 жылға дейін келісімшартқа қол қойған еді.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 16 Қаңтар, 2026 23:55