Сарапшылар:"Қайрат" ірі есеппен жеңілістен құтыла алмайды
Фото:”Қайрат” фк
Ресейдің танымал спорт порталдарының бірі алматылық “Қайрат” пен италиялық “Интер” арасындағы матчқа болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz порталы Vseprosport.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарапшылардың пікірінше бұл ойында италиялық клуб айқын фаворит.
Ал “Қайраттықтарды” үлкен сынақ күтіп тұрғанын айтуда.
"Интер бүгін төртінші жеңісін ресми түрде тіркеп, турнир кестесінің алғашқы сегіздігіне нық орналасуға тамаша мүмкіндікке ие болады. Ал қарсыласы – “Қайрат”, биыл алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысып, тәжірибелі клубтарға қарсы ойындарда екі рет ірі есеппен жеңілді", — деп хабарлады Vseprosport.ru
Бұған қоса ресейлік сарапшылар “Қайрат” ірі есеппен жеңілістен құтыла алмайтынын, “Интердің” қорғанысын бұзу оңайға соқпайтынын атап өтті.
“Фаворит мәртебесін дәлелдеу "Интер" үшін қиындық тудырмайды. Класс деңгейінде айырмашылық айқын. Сондықтан біз "Қайраттың" ірі есепті жеңілістен құтыла алмайтынына сенімдіміз", – дейді сарапшылар.
Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының 4-турында “Қайрат” “Интерге” қарсы матч өткізеді. Қос команда арасындағы ойын 5-нен 6 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де Миландағы Джузеппе Меацца стадионында өтеді. Бұл “Қайрат” үшін шешуші матчтардың бірі болмақ. Қазіргі таңда алматылық клуб бір ғана ұпай еншілеп, турнир кестесінде 34-орынға орналасқан. Бұған дейін команда "Спортингке" (1:4) және "Реалға" (0:5) жол беріп, "Пафоспен" (0:0) тең есеппен тарқасқан.

