"Қайрат" футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко қызметінен кетеді
Фото: afckairat
"Қайрат" футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко маусым аяқталған соң қызметінен кетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Futsalkazakhstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Испаниялық маманның кететіні туралы сыбыстар бұған дейін де тараған еді, ал бүгін клубтың Веласкомен келісімшартты ұзартпағаны белгілі болды. Келесі маусымнан бастап ол Испанияның “Viña Albali Valdepeñas” клубын жаттықтыратын болады.
Марлон Веласко "Қайратты" 2023 жылдың маусым айында басқарып, "2+1" жүйесі бойынша келісімшартқа отырған болатын. Оның басшылығымен команда 2024/25 жылғы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, жартылай финалда Испанияның "Картахена" клубын 3:2 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, Веласкомен бірге клубтан бразилиялық қақпашы Деннистің де кетуі мүмкін екені хабарланды. Ол Қазақстан құрамасына натурализация арқылы шақыртылуы мүмкін ойыншылардың қатарында болған.
Осылайша, маусым аяқталған соң "Қайрат" клубында бапкерлік штаб пен ойыншылар құрамында елеулі өзгерістер болуы мүмкін.

"Ауыз қуысынан, іш киімінен бірнеше ер адамның шәуеті табылған": Соңғы бес жылда қоғамдық шу тудырған сарбаздар ісі
