Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат футболшыларынан 100 есе қымбат": "Реал Мадрид" ойыншыларының бағасы белгілі болды

Реал Мадрид ойыншыларының бағасы

Фото: Real Madrid

Жақында матчы болған Реал Мадридтің ең қымбат ойыншысы Килиан Мбаппенің құны 180 миллион еуро, ал "Қайрат" клубының жетекші ойыншысы Дастан Сәтбаевтың құны 1,8 миллион еуроға бағаланған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

30 қыркүйекте "Қайратқа" қарсы ойнаған "Реал" ойыншыларының ең қымбаты 180 миллион еуроға, ал ең арзаны 6 миллион еуроға бағаланады екен.

  • Килиан Мбаппе (26, шабуылшы) – 180 миллион еуро (115,9 миллиард теңге);
  • Винисиус Джуниор (25, шабуылшы) – 170 миллион еуро (109,5 миллиард теңге);
  • Орельен Чуамени (25, жартылай қорғаушы) – 75 миллион еуро (48,3 миллиард теңге);
  • Дин Хейсен (20, қорғаушы) – 60 миллион еуро (38,6 миллиард теңге);
  • Арда Гюлер (20, шабуылшы) – 45 миллион еуро (29 миллиард теңге);
  • Рауль Асенсио (22, қорғаушы) – 40 миллион еуро (25,8 миллиард теңге);
  • Франко Мастантуоно (18, шабуылшы) – 30 миллион еуро (19,3 миллиард теңге);
  • Тибо Куртуа (33, қақпашы) – 20 миллион еуро (12,9 миллиард теңге);
  • Фран Гарсия (26, қорғаушы) – 18 миллион еуро (11,6 миллиард теңге);
  • Дани Себальос (29, жартылай қорғаушы) – 10 миллион еуро (6,4 миллиард теңге);
  • Давид Алаба (33, қорғаушы) – 6 миллион еуро (3,9 миллиард теңге).

Transfermarkt.world мәліметі бойынша, 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев – "Қайрат" сапындағы ең қымбат ойыншы. Оның трансферлік құны – 1,8 миллион еуро (1,15 миллиард теңге). Бұған дейін "Челси" жас шабуылшыны 4 миллион еуроға сатып алған. Ең төмен бағаланған ойыншы – қазақстандық Александр Мрынский, оның бағасы 100 мың еуро (64 миллион теңге).

Демек Қайрат футболшылары “Реал Мадрид” ойыншыларынан 100 есе арзан.

Еске салсақ, "Қайрат" чемпиондар лигасында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ жанкүйерлер "Қайрат" – "Реал" матчына билет сатып алып,ойынға кіре алмағанын айтып шағымданғанеді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 14:32
Талқылау