"Қайрат" футбол клубы қала меншігіне қайтарылады – Ерболат Досаев
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындардың сұрағына жауап беру кезінде "Қайрат" футбол клубының болашағы туралы айтты. Сөзінше, қазір әкімдік клубтың жекеменшіктен қала балансына берілуін күтіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғыны өз сөзінде "Қайрат" футбол клубына көмек керегін айтты.
"Барлық жақсы ойыншылар басқа клубтарға ауысып кетті, себебі ол жақта жалақы жоғары", – деді ер адам.
Ерболат Досаев клубтың әлі де жекенің қолында екенін мәлімдеді.
"Жекеменшікте болғандықтан, шешімді күтіп отырмыз. Қала балансына өткен соң барлық мәселені шешеміз. Қазір клуб жекеменшікте. Бізге әлі берген жоқ. Сот шешімі шықсын", – деп мәлімдеді ол.
Айта кетейік, "Қайрат" футбол клубы бүгінгі таңда Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың меншігінде.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен