Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады: Алматылық клуб “Арсеналға” 3:2 есебімен жеңілді

футболФото:”Қайрат” фк

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің соңғы 8-турында “Қайрат” сырт алаңда “Арсеналға” қарсы матч өткізіп, 3:2 есебімен лондондық клубқа есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ойын алғашқы минуттан тартысты басталды. Матчтың небәрі 2-минутында “Арсенал” сапынан Дьёкереш есеп ашты. Артынша алматылық клуб сапынан Жоржиньоға қарчы ойын тәртібі бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Нәтижесінде Жоржиньео 11 метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді.

Алайда 15-минутта Хаверц “Қайраттың” осал тұсын тауып, командасын 2:1 есебімен алға шығарды.
Бірінші тайм аяқталар тұста Мартинелли сары-қаралардың шабуыл шебін бұзып өтіп, гол соқты.

Екінші таймда қос командада бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсаңға түсті. Матчтың аяқталар тұсында Рикардиньо гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан “Қайрат” 1/16 финалға өте алмай, жорығын аяқтады.

 

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026 03:13