“Қайрат” әлемнің үздік клубтарының қатарына енді

Алматылық Қайрат футбол клубы әлемнің үздік 500 командасының қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Opta суперкомпьютері футбол клубтарының жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.
Бұл тізімде "Қайрат" 24 сатыға жоғарылап, 486-орынға тұрақтады. Осылайша алматылық клуб Қазақстан командалары арасында үздік 500-ге енген жалғыз ұжым болып отыр.
Opta рейтингіндегі ҚПЛ клубтарының орындары:
• "Қайрат" – 486 (+24)
• "Астана" – 591 (-16)
• "Тобыл" – 877 (-34)
• "Ақтөбе" – 963 (-22)
• "Елімай" – 1032 (-31)
• "Ордабасы" – 1141 (+108)
• "Жеңіс" – 1500 (-109)
• "Оқжетпес" – 1629 (+198)
• "Қызылжар" – 1687 (-81)
• "Қайсар" – 1838 (+60)
• "Каспий" – 1912 (-162)
• "Атырау" – 1939 (+45)
• "Ертіс" – 1957 (-7)
• "Алтай" – 2087 (+82)
• "Ұлытау" – 2323 (+130)
• "Жетісу" – 2382 (+98)
Айта кетейік, әлемнің алғашқы мыңдығына Қазақстаннан тағы үш клуб енді: "Астана" (591-орын), "Тобыл" (877-орын) және "Ақтөбе" (963-орын).
Дастан Сәтпаев пен Александр Заруцкийдің өзара сыйластығы жанкүйерлердің ризашылығын тудырды
Атақты Луиш Нани де "Ақтөбеге" көмектесе алмады: Дастан Сәтпаев "Қайратқа" жеңіс сыйлады
Рейтингті жасау кезінде командалардың ұлттық чемпионаттағы нәтижелері, лиганың жалпы деңгейі, сондай-ақ елдік және құрлықтық рейтингтері ескерілген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған