Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Әділгерейұлы жұрттың өзін неге “ақсақ киік” деп мазақтайтынын түсіндірді

“Әзіл әлемі” театрының беделді актері өзінің лақап атына қатысты түсініктеме берді.

16122522_418026251862427_6645817331932987392_n

Фото: instagram.com/kairat_bazarzhok/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Блогер Эльмира Ерғалина Қайрат Әділгерейұлына “Достарыңыз сізді неге ақсақ киік деп мазақтайды” деп сұрады. Аталған сұрақтың жауабы жағымсыз естеліктермен байланысты екен. Десе де, актер бұған бойының үйренісіп қалғанын тілге тиек етті.

“Жақсы араласатын ортаның әзіл-қалжыңы көбейген соң, түрлі лақап аттар пайда болады. 2003 жылы жол апатына түсіп, бір аяғым қысқарған соң, сылтып басамын. Бұл сұрақ дөрекілеу болды деп есептемеймін. Сіз сұрамағанның өзінде сырт көзге ақсап басатыным көрініп тұрады. Кино, кастингке барған кезде “Кемістігіңіз туралы айтып беріңізші” деп сұрайды. Сол кезде кішкене қынжылып қаламын. Бір жағынан шүкір деймін. Мешел болып үйде жатсам, жағдайым не болар еді?” – дейді Қайрат Әділгерейұлы.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)

Дастан Оразбеков іштегі жанайқайынан қалай арылатынын айтты (фото)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Талқылау