Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Қайрат Әділгерей тойымызды тегін жүргізді": Бақдәулет пен Құралай үйлену тойларының қалай өткенін айтып берді

Танымал жұп Бақдәулет пен Құралай үйлену тойларының қалай жасағанын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/krlaim/

Желі жұлдызы журналист Анна Данченкоға сұхбат берді. 

“Анамыз біздің тойымызды көре алмады. 48 жасында ауырмай, бір күнде дүниеден өтіп кетті. Ол кісі дүниеден озғаннан кейін той жасадық. Бақдәулеттің сүйікті актері Қайрат Әділгерей тойымызды тегін жүргізді. Ол кісінің әзілдерін жолдасым жақсы көреді. Бір жағынан арманы да болған сияқты, сол кісімен жолығу. Содан көмекшілеріне шығып, кім екенімізді айтпай, тек той күніне келе алуын өтіндік. Ақшамызды да дайындап қойдық. Өте керемет етіп жүргізіп берді. Мейрамхананың демалыс бөлмесінде отырғанда келіп, бізбен танысты. Той соңында бізге тілегін айтып, қаламақысын алмады”, – деді блогер келіншек. 



Сондай-ақ Құралай жолдасының аяққа тұрып кетуіне ұзақ уақыт керек екенін айтты. 

“Жолдасым арбаға таңылған алты жыл ішінде өте көп ота жасалды. Әлі де оңалуға уақыт керек. Жұлынға зақым келгесін, оны емдеу өте қиын екен. Жол апаты кезінде жұлын қысылып қалған. Қазір мойнындағы аппаратты алды. Ол да болса кішкене болашаққа үміт сыйлайды. Бірінші топтағы мүгедектік тағайындалды. Ай сайын 101 мың жәрдемақы алады. Ол ештеңеге жетпейді. Түркияға барып келдік. Олар да “оңалту жаттығуларын жасай беріңіздер” деді. Әлі де емді жалғастырамыз”, – деді Құралай. 

Еске салайық, желі жұлдыздары жақында гендер пати жасаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 14 Ақпан, 2025 13:43
Талқылау