Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Әділгерей: Әйелдер туралы әзіл айтсам, әйелім қатты ренжиді

Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрманның шаңырақ көтергеніне 15 жыл толды. Жұлдызды жұп отбасындағы кейбір келеңсіздіктер мен бақытты шақтары туралы айтты. Бір-біріне қоятын талабы, ұстанымдары жайында бүкпесіз баяндады. 

Бұл туралы “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтылды. 

Қайрат Әділгерей жары Бақыт Тұрманға мектеп кезінен ғашық. “Иә” деген жауабын алу үшін 7 жыл жүргенін айтады. Алайда отбасында келеңсіздіктер болып тұратыны жасырын емес. Әзілкеш әйелдер жайлы әзілдерінің жарына ұнамайтынын айтады. 

“Мен әйелдер туралы әзіл айтамын деп әйеліммен ренжіскенім бар. Ол маған кәдімгідей ренжіді. Себебі, оның жұмыста ұжымы бар. Шәкірттері бар. “Сіз үйде сондайсыз ба?” деп айтатын көрінеді. Менің әзілдерімді менің әйеліме қатысты деп ойлайды екен. Соған Бақыт ренжиді. Басқа әзіл айтсаң да, әйелдер туралы айтпа дейді. Қазір әйелдердің тақырыбы өзі де бітті ғой”, –деді әзілкеш. 

Бақыт Тұрман жолдасына әйелдер тақырыбында қойған тағы бір тақырыбын ашық айтты. 


Бақыт Тұрман: Егер Қайрат біреуге ғашық болып қалса, мен оны жіберемін


“Мен табиғатымнан қызғаншақ емеспін. Қайратты қызғанбаймын. Оған тек айтамын. Менің көзімше ешбір әйелге “әдемісің” деп айтпа деймін. “Ақылдысың, сұлусың” деп айтпа. Мен жоқ жерде айтсаң айта бер деймін. Маған ұнамайды”, – деді жары.

Қайрат мырза жарының ақкөңіл екенін, үй шаруасына ұқыпты екенін айтады. Оның дәл осы қасиетін ұнататынын жасырмайды. 

“Мен үйімнің бір бұрышы ақталмай тұрса, қыдырып жүре алмаймын. Үйім шашылып жатса, өзіме демалуға уақыт бөлмеймін. Демалуға қақым жоқ. Бәрін тындырған соң ғана көңілім жай табады. Үй шаруасына бейжай қарай алмаймын”, – дейді әнші. 

Бақыт Тұрман марқұм енесін еске алды. Оның ерекше сәнқой кісі болғанын сөз етті. 

“Енем өте қатал кісі болды. Балажан болған жоқ. Кей кісілердің айтуынша, нан жоқ қиын заманда ол кісі әдемі киініп, қызыл далабын жағып, сәнденіп жүреді екен. Әйелдер далаптың не екенін білмей жүрген уақытта ол кісі “мен қызыл далабымды міндетті түрде жағуым керек” деп өзін күткен екен. Басына қара шляпа киіп, ерекшеленіп жүреді екен. Бәрі солай еске алады”, – деді келіні. 

Талқылау