“Қайрат” Абу-Дабидегі матчта ойсырай жеңілді

Алматылық “Қайрат” клубы Чемпиондар лигасындағы соңғы матчтарының алдында Абу-Дабиде біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталмыш оқу-жаттығу жиыны аясында алматылық клуб Бакудың “Нефтчиіне” қарсы жолдастық матч өткізді.
Алғашқы таймда қос құрамада бір-бірінің осал тұсын таба алмай тең есеппен аяқталған еді. Алайда екінші таймда қарсыластар сары-қаралар осал тұсын тауып, үш мәрте гол соқты. Сальянский, Венсан Абубакар және Мурад Мамедов мергендік танытты.
"Қайрат" келесі ойынын 14 қаңтарда өткізеді. Бұл жолы қазақстандық клубтың қарсыласы – Хорватияның "Вараждин" командасы.
Оқу-жаттығу жиындарынан кейін "Қайрат" елге оралады.
Айта кетейік, “Қайрат” УЕФА Чемпиондар лигасында 20 қаңтар күні “Астана” аренада “Брюггені” қабылдайды. Ал 28 қаңтарда өтетін 8-турда "Қайрат" сырт алаңда Англияның атақты "Арсеналына" қарсы ойнайды.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды

