Қайын атасы дәмсіз тамақ үшін келінінің басын кесіп алған
Өзбекстанның Ферғана облысында 64 жастағы ер адам жанжалдан кейін келінінің басын кесіп тастады. Жанжалға келіні дайындаған тамақ себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Радио Азатлык басылымына сілтеме жасап.

Қайын атасы келініне “тамақты дәмді етіп дайындауды бұйырған”. Жанжал кезінде келіні қолынан келетін тамақты жасайтынын және қандай болса да, барлығы жеуі керегін айтқан. Кейін әйел есікті қатты жауып, есіктің әйнегі сынып кеткен.
Тергеу нұсқасына сәйкес, қайын атасы келінінің бұл қылығына ашуланып, асүйде болған әйелдің желкесінен ұрған. Салдарынан келіні есінен танып қалған. Кейін таулы аймаққа алып барып, асүй пышағымен жерде жатқан келінінің "мойнынан кескен". Басын пакетке салып, Файзобод ауылындағы "Тожиали обод" шаруашылығының аумағындағы аршаға жасырған. Ал денесін қоқысқа лақтырып жіберген
Күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. Оның үстінен “Қасақана кісі өлтіру” бабымен іс қозғалған.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен