Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайғылы жағдай: Көкшетауда өрттен шошыған келіншектің тілі байланып қалды

Көкшетауда екі пәтерлі жер үйдің сау-тамтығы қалмай жанып кетті. От таңға жуық тұтанған. Шырт ұйқыда жатқан бір адам көз жұмып, бет аузын күйік шалған тағы бір тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды КТК.

1494120

Ал оның әйелі қатты қорқып қалғандықтан тілден айырылған. Өрттің неден болғаны әзірге белгісіз. Бір анығы – баспананың бір бөлігін жас келіншек жалға алған. Сол күні кешкісін ол үйге қонақтар келіп, көңіл көтеріпті.

Түнде тұтанған өрттің бой бермеуіне аптап ыстықта кеуіп тұрған ағаш тақтайлар себеп болыпты. Соның кесірінен үйдегі екі пәтердің біріне қонаққа келген 22 жасар жігіт шыға алмай, жанып кеткен. Ал үй иесі есікті ашып қалғанда бет-аузын, от шарпып өтіпті. Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенше, дүние-мүліктен де түк қалмаған. Бір ғана іш көйлекпен түн қараңғысында терезеден шыққан қожайынның әйелі қатты жарақат алыпты. Оның үстіне, қорыққаныннан тілі байланып қалған.

Далада қалған тұрғындарға үстеріндегі киімдерін көршілері берген. Ал 1 күннен соң 11-сыныпқа баратын Бақыттың мектепке киетін киімі де, қолына ұстайтын сөмкесі де жоқ. Компьютеріне дейін тілсіз жау жалмады.

“Сол күні үйде болмап едім, туыстарыма кеткем. Ата-анамнан айырылып қала жаздадым. Қазір міне, далада қалдық.Мектепке мүлдем дайын емеспін. Мына үстімдегі киімнен басқа түк жоқ”, – дейді зардап шегуші Бақыт Хамзин.

1494120

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрт қатты болған. Көршілері жүгіріп көмекке келдік дейді. Ал өртке себепші болған жалға алушы әйел мен оның достары, тіпті, бірі іште тірідей жанып жатса да тастай қашқан. Ал шала күйген үй иесі қазір ауруханада жатыр.

“Күйіктің басының күюі,үстіңгі денесі,аяқ қолдарының күюі.Қазір жағдайы орташа.Ем қабылдап жатыр”, – дейді Ақмола облыстық ауруханасының травматологы Елдос Қайыржанов.

Үй-күйсіз қалған отбасы көмек сұрап, әкімдікке барған. Онда 68 мың теңге көмек беретіндерін айтыпты. Әзірге көршілеріне түнеп, амалдап жүр. Ал өртке кінәлі болуы мүмкін пәтер жалдаушылардың қайда екенін, өрттің нақты себебін тиісті орындар анықтайтын болады.

Тағы да оқыңыз:

“Казахстанская” шахтасында метан тарады: Үш адам өлі күйінде табылды

Шетелдік журналист Головкин жекпе-жегін күні бойы тамашалаймын деп мәлімдеді

Мәскеуде Қазақстаннан барған әншіні көлік қағып кетті

Талқылау