"Қайғыдан қан жұтып отырғаныңызды анық көрдім": Абақтыдан шыққан Асқар Жұмабеков әкесіне темір тұлпар сыйлады
Фото: https://www.instagram.com/askarzhumabeqov/
Мейрамханада жанжал шығарып, темір торда отырып шыққан актер Асқар Жұмабеков әкесіне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағымды жаңалықты өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жазбасында өзі түрмеде отырған кезде әкесінің қатты қиналғанын айтып, сол ауыр кезеңдердің орнын осындай қуанышқа толы сәттермен толықтырғысы келетінін жеткізген.
“Әкешім Асқар тауым – игілігіңізге мініңіз .
Сіздерді қуанту біз үшін үлкен бақыт!
Кішкентай ғана сыйлық болса да, барлығы сіздердің көңілдеріңіз үшін. Менің көңілім енді кішкене тынышталды. Мен қара қапаста отырғанда, сіз маған кездесуге келген кезіңіз ешқашан көз алдымнан кетпес. Маған қарап жылағыңыз келіп, бірақ жасыңызды көрсетпей, қан жұтып отырғаныңызды өте анық көрген едім. Туған баласын темір тордың ар жағынан көріп, еш әрекет жасай алмай отқан әкенің жағдайы қандай болғанын мен көрдім. Сол жағдайлардың барлығын осындай қуаныштармен толтыруға тырысамын әкешім!” – деп жазды ол.
Айта кетейік, 2022 жылғы 28 желтоқсанда Алматыдағы Little Brazil караоке-барына жаппай төбелес болған. Отандық актер Асқар Жұмабек те жаға жыртысқандардың қатарынан табылып, басы дауға қалды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің кінәсіз екенін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады. Актер алты жарым жылға сотталған болатын.
Еске салайық, Асқар Жұмабектің бұрын істі болғаны туралы ақпарат тараған еді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді