"Қай жерде бомба жарылады деп қорқып өмір сүрдік": Сириядан келген қазақстандық келіншек ауыр тағдырын айтты

Елге қайтайық десек өлтіріп тастай ма деп қорықтық. Сирияда 4 жыл тұрып келген келіншек үреймен өткен өмірі жайлы айтып берді. Содырлардың арасынан үш баласымен аман-есен тірі қайтқанына әлі сене алар емес.

Елге әрең жеткен ол Сирияда көргенімді Құдай ешкімнің басына бермесін деп отыр, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өте қиын енді, қорқасың әрбір минутың сайын, үстіңе қай кезде бомба түседі деп. Қорқынышпен өмір сүресің", - деді ол.

27 жастағы келіншек 4 жыл бойы көрген қорлығын есіне түсіргісі келмейді.

"Халифатта жұмақ өмір бар" деп іздеп барғанымыз бекершілік екенін кеш түсіндік дейді. Сирияға бару - күйеуінің шешімі болыпты. Ағайын-туысқа шетелге демалуға бара жатқандарын айтады. Ал, келіншек болса, үнсіз екі баланы жетектеп отағасына ілесе берген. Үшіншісін сол жақта босаныпты. Адасып жүріп, от басқанын бәрі де кеш түсінген. 

"Ол жақта халифат жоқ, айтып тұрмын ғой, біреудің ойыны деп ол жақ. Мұсылмандарды құрту деп ойлаймын ол жақтың ойы. Елге қайтуға шамалы қозғала бастадық, онымен үлкен қаражат керек болды. Егер біліп қалса, өлтіріп тастауы мүмкін да, күйеуім соғысқа шықпай қалды, алшақтай бастады. Ол жақтан соғысқа шықпағаны үшін күйеуім де түрмеге отырып шықты", - дейді келіншек.

Атыс-шабыс, қантөгіс. Аттап бассаң, аяқ астында жарылғыш зат. Шам елі "жұмақ" іздеп барғандарды осылай қарсы алады. Аштық пен соғыстың ортасына түскендер өз өмірлерін ғана сергелдеңге айналдырып қоймай, сәбилерін балалық шақтан айырғандарын енді түсініп жатыр. 

Соғыстың ортасынан оралған бұл балалармен күн сайын психолог, педагогтар жұмыс істейді. Кішкентайларды бейбіт өмірге бейімдеу үшін барын салып жатыр. 

"Ойыншықтан бөлек, тіпті қағаз қаламды да қалай қолдану керек, қай қолмен ұстау керек деген сияқты қарапайым нәрселерді игере алмады. Қазір күнде үйреніп келе жатыр. Адамдармен қатты сөйлесу және қазақ тілінде өз тілінде сөйлесе алмайды. Қазір ана тілін де игеріп келе жатыр", - деді психолог Дана Медетова. 

"Жусан" гуманитарлық операциясы барысында Қазақстанға қайтарылған азаматтарға тек психологиялық қана емес, медициналық кеңес те беріледі. Ақтөбедегі орталықта қазір 20-дан астам адамға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. 

"Біздің орталықта психолог, юрист, медбикеміз бар, мұғалімдеріміз бар балаларды сабаққа үйрететін, ағылшынға деген сияқты", - дейді кәмілетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығының директоры Айдана Нұрмағамбетова. 

Сириядағы "тозақты" көргендер елге келіп енді естерін жинап жатыр. Психологтар олардың әрқайсысымен жеке-жеке жүздесіп, сұхбаттасып отырады. Теологтар да арнайы дәріс өткізеді. 

"Аллаһқа шүкір, осылай "Жусан" операциясымен бізге құшағын жайып, ешқандай жазасыз қабылдап жатыр. Аллаһқа шүкір, ол кісілерге де рахмет. Әр адамда қателік болады деп ойлаймын, алдағы уақытта ондай істерге бармаймыз", - дейді келіншек. 

Жалпы, "Жусан" операциясының үш кезеңі барысында Сириядан Қазақстанның 524 азаматы шығарылды. Оның 30-ы - ер адам, 137-сі - әйел, 357-сі - кәмелетке толмаған бала. Шараны еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдары халықаралық әріптестерімен бірлесіп атқарған болатын.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...