"Қауіпсіздік пен әлеуметтік міндеттемелер басымдықта": Шығыс Қазақстан облысыныда алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды
"ВСАМ Продакшн" ЖШС өкілдері Күршім ауданына қарасты Шығыс Қазақстан облысының Маралды ауылында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы аяқталғанын хабарлады.

"Біз фабриканы іске қосуға қажетті барлық рұқсаттарды алдық және бүгіннен бастап толық көлемде жұмыс істей бастаймыз", – деді кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Мақатаев.

Фабрика басшылығының өкілі компанияның барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жергілікті халық алдында уәде етілген әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындайтынын атап өтті.

"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды