Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды

Атырауда ерікті автоәуесқойлар жолаушыларды тек тегін тасымалдап қана қоймай, оларды құтқарып қалуға да атсалысып жатыр.

5454

Атырау тұрғыны Ерлан Күмісқалиев әлеуметтік желі арқылы екі ерекше оқиғаны жазып, оқырмандарымен бөлісті. Ер адам тоңып қалған әйелді апарып саламын деп, ойламаған жерден оның туыстары мен таныстарын тауып берген.

“Үйден жұмыстармен шыққан кезім еді, жол жиегінде тұрған жұқа киінген әйел адамды көрдім. Бұл таңғы 10-дардың кезі еді. Көліктегі ауа температурасы минус 19 градусты көрсетіп тұрды. Қасына тоқтап, оны отырғызып алдым. Ол мекен-жайын айта алмады. Өте қатты жаурап қалыпты. Аталған оқиға өте қуанышты жағдайда аяқталды”, – деді жазба авторы.

Ұзақ уақыт бойы өзінің есімін атай алмаған әйел, туыстарының атын атап қалған. Көлік жүргізушісі әуелі Ақсай ауылдың округі әкімдігінен көмек сұрайды. Одан соң ол жолаушысын Алмагүл ықшамауданындағы полиция бөлімшесіне алып келеді. Одан соң тәртіп сақшылары әйелдің туыстарын іздеумен айналысқан.

15107427_1275378189175762_8223078927696852490_n

“Бұл жағдайға сене алар емеспін, бірақ әйел тым жұқа киінген күйі 20 градустық аязда 3 шақырымдай жаяу жүрген”, – дейді Ерлан.

Полицейлер анықтағандай, әйел Ақжар ауылында туған әпкесімен бірге тұрады екен. Оның туыстары әйелге іздеу жариялап, бүкіл қаланы шарлап таппай жүрген екен.

Екінші жолаушыны да Ерлан жол бойынан кезіктірген. Ақсай ауылында тұратын зейнеткер зейнетақысын алу үшін таңертең ерте жолға шыққан. Ол да шымырлап тұрған аязда 2,5 сағат бойы жол жүрген. Жаяу кетіп бара жатқан ер адамға бірде бір көлік тоқтап, ала кетпеген.

15202514_1275378235842424_6768241017836184900_n

“Жолақысы болмағандықтан оны автобус та алмай кетіпті. Оның аяздан тоңып қалғаны соншалықты, жүзіне қараудың өзі қиын. Адамдар неге бұлай болып кеткенбіз? Біз әрқашан жас күйімізде, қартаймай тұра бермейміз ғой”, – дейді мейірімді көлік жүргізушісі.

“Мен бүгін балаларды апарып тастадым. Адамгершілікті бәрінен де жоғары қояйық”, – дейді ол өзге жандарды да жомарт әрекеттерге шақырып.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда үш адамды өлімнен құтқардым деген сарбаз сот алдында жауап беріп жатыр

Шымкентте зейнетақысын ала алмаған Назарбаев ақсақал қайыр сұрап күнелтіп жүр

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Талқылау