"Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді": Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 2023 жылғы 24-26 маусым күндеріне арналған ауа райы боджамын ұсынды. Еліміз бойынша күн райы құбылмалы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, бұлттар найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұрақ жаууы мүмкін.
"26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанды. 26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік жүреді",– делінген хабарламада.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"