"Қатты ұрыса алмайсың": Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым ата-анасынан енші алып, бөлек шыққанын растады
Жақында ғана қайта қосылған актер Айдар Асқарбек пен актриса Жарқынай Ханайым ата-аналарынан бөлек кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/jarkynaixanaiym/
Актер үлкен шаңырақтан жанұясымен бөлек шығып кетуіне не себеп болғанын түсіндірді.
"Үйдің үлкені болғаннан кейін бұны жоспарлап жүргенмін. Айырмашылығы бар. Үлкен шаңырақта тұрып жатқанда қатты ұрыса алмайсың. Сөздің шыны керек, кейде сөзді тыйып қаласың. Ал мына жақта өз ой-пікіріңді айта аласың. Өз үйіңдегідей сезінесің", – деді Аша Матайдың ағасы Revue News бағдарламасына берген сұқбатында.
-
"Иә дедім": Сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым жұртты таңғалдарды
-
"Жеке өмірім базарға айналып кетті": Жарқынай Ханайым экс-күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді
Айта кетейік өнерлі жұп араға екі жыл салып, қайтадан қосылған еді. Олар Айлана есімді қызды тәрбиелеп отыр. Суретті көрген желі қолданушылары жұлдызды жұпты құттықтады.
"Әр әйел сүйікті жарымен болуға лайықты", "Осы күнді қатты күтті. Жүрегім жарылардай қуандым ғой", "Бүгінгі таңым осы екеуінің қосылуымен басталды, осылардың қосылғанын тілеп жүргеніме қанша уақыт болды", – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.