"Қатты қымбат емес": Лидия Кәденова әріптесі Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын шешіп берді
ҚР Халық әртісі, актриса Лидия Кәденова әріптесі, әнші Меруерт Түсіпбаеваға сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Айта кетейік, Республика күні қарсаңында актриса Лидия Кәденова Халық әртісі атағын алған еді.
“Су жаңа халық әртісі құлағындағы сырғасын шешіп берді. Алғаш театрда сары ауыз балапан болып келгенде Лидия апайлар көп көмектесіп еді. Екі сөз айтсақ та, апайларға қарап, тексертіп алушы едік. Осындай керемет сыйлығыңыз үшін рақмет! Атағыңыз құтты болсын”, – деді Меруерт Түсіпбаева.
-
"Көшке қосқан тайлақтарыңды алып кетіңдер": Меруерт Түсіпбаева блогер қыз-келіншектерге үндеу жасады
-
"Сырымызды сары майдай сақтайық": Меруерт Түсіпбаева желіде жылап отыратын блогер қыздарға шүйлікті
Одан кейін халық әртісі де батасын беріп, сәт сапар тіледі.
“Осы күнге дейін өзің де қаншама марапатқа ие болдың. Мәселе атақта емес. Адам ол үшін жұмыс істемеуі керек. Еңбегіңнің жемісі мол болсын! Мына сырғаны саған тағамын. Соншалықты қымбат емес. Бірақ рөлдеріңе тағып шығарсың. Ырымдап беріп жатырмын”, – деді Лидия Кәденова.
Еске салайық, Меруерт Түсіпбаева әріптесі Роза Рымбаеваға бренд пиджак кигізген еді.