Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатыгездікке жол бермейік": Ерке Есмахан жазбасымен көпшілікті ойландырды

Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарын мейірімді болуға үндеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі күз мезгілінде фотосессия жасап, ерекше жазбасын жариялады. 

“Әлемді мейірім мен махаббат қана құтқарады. Барлық адам – сүйікті жаратылыс. Өзіңнің де, өзгенің де өмірін аялап, қатыгездікке жол бермейік. Күңіренген күздің басқа, жағымды жаңалықтарын бөлісе отырыңыздар", – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары өнер иесінің күзгі образын жоғары бағалап, бақыт тіледі.

“Өмір сүруді Еркеден үйрену керек”, “Күз келіп күн суытты. Жанымызды жылытатын осындай жазбалар жазып тұрыңыз”, “Райммен өте жарасады, бақытты, ұзақ ғұмыр кешіңіздер!", "Өзіңіздей әдемі, талантымен таңғалдыратын тұлғаға қарап, шабыт аламыз. Әр фотодағы нәзіктік пен сұлулық ерекше жарасымды", "Сүйікті болу, сүйкімді болу барлық әйелге бұйырсын", – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, Ерке Есмахан күйеуінің қалай еркелететінін айтқан еді. 

Талқылау