Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан соң қайырымдылық жасап көз жұмған миллионердің аянышты өмірі

Австралияда мұсылман миллионер Али Банат 32 жасында көз жұмған еді. Оны жақсылығы мен қайырымдлығы әлі де ел есінде.

Сиднейде миллионердің қазасына мыңдаған адам келді. Әлі де Алидің жақсылығын айтып, еске алады.

29 жасына дейін Али Банат ғажап өмір сүрді. Қымбат көлік мініп, атақты дизайнерлердің киімін киді.

Үш жыл бұрын өзінің қатерлі дертпен ауыратынын білгенде өмірі күрт өзгерді. Дәрігерлер оның 7 ай өмірі қалғанын айтты. Алайда ол 3 жыл өмір сүрді. Осы уақытта қайырымдылықпен айналысып, қаражатының бәрін жұмсады. «Әлемдегі мұсылмандар» атты қайырымылық қорын ашты.

Оның қаражатына мешіттер салынды, мектеп пен жетім балаларға арналған аурухана салынды. Алидің айтуынша, қатерлі дерт оған құдайдың берген сыйы. Соның арқасында өмір сүрудің мәнін түсініп, адамдар мен Аллаға жақындауды үйренді. Ол байлықтың өзгелерге көмектесу құралы екенін түйсінді.

Өлер алдында Али Банат адамдарды қайырымдылыққа шақырды. Бәрінде өзі секілді мүмкіндік болмайтынын, көп адамның аяқ астынан мерт болатынын айтты. Әркез жақсылық жасауға үндеді.

Мұсылман миллионердің өзі өлсе де, жақсылығы, аты өлмеді. Оның қалдырған ісі, ашқан қоры әлі де жұмыс істеп тұр.

Төменде Али Банаттың соңғы видеосы

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау